Әлиев пен Путин телефонда сөйлесті

Әзербайжан-Армения шекара белгілеу процесінде туылған дағдарыс талқыланған телефондағы әңгімеде екі лидер бұл мәселенің саяси дипломатиялық жолмен шешілуін қолдайтынын айтты.

1642154
Әлиев пен Путин телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан-Армения шекара белгілеу процесінде туылған дағдарысты кеңесті.

Ресей Президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеде Путиннің Әлиевпен телефонда сөйлескені білдірілді.

Әзербайжан-Армения шекара белгілеу процесінде туылған дағдарыс талқыланған телефондағы әңгімеде екі лидер бұл мәселенің саяси дипломатиялық жолмен шешілуін қолдайтынын айтты.

Телефондағы әңгімеде Ресейдің шекара белгілеуге байланысты процестің басталуы тақырыбындағы бітімгерлік талпынысын жалғастыратыны білдірілді.

Әзербайжан армиясы Арменияның жаулап алуынан құтқарылған Лачин мен Келбежер уәлаяттарында Армениямен шекарадағы кейбір жерлерге орналасқан және бұл жағдай екі ел арасындағы дағдарысқа себеп болған еді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан армиясы орналасқан кейбір аймақтың Армения территориясы екенін алға тартып, осы жайлы Ұжымдық Қауіпсіздік келісім ұйымына өтінген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар