Катар Израиль қырғынын айыптады

Катар Израиль армиясының жаулауы астындағы Газада Катар Қызыл Жарты ай қоғамы ғимаратын бомбалауын қатал түрде айыптағанын мәлімдеді.

1641353
Катар Израиль қырғынын айыптады

Катар Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Газада гуманитарлық жәрдем және медициналық ұйымдарының нысанаға алынуының халықаралық құқыққа және адами құндылыққа қайшы әрекет екені білдіріліп, "Халықаралық ұйымды осы қырғын әрекетті айыптауға, журналисттер және гуманитарлық ұйымдарды қорғауға атсалысуға шақырамыз" делінді. 

Мәлімдемеде Катар Қызыл Жарты ай қоғамы орталығына жасалған бомбалы шабуыл айыпталды. Сонымен қатар Газада Әл-Жазира теледидар каналының және көптеген медиа ұйымдары офистері болған 13 қабатты ғимараттың да нысанаға алынғаны еске салынды. 

 



Ұқсас жаңалықтар