АҚШ-тың Израильге соңғы қару сатылымына наразылық

Мұсылман текті Конгресс мүшесі Ильхан Омар АҚШ-тың Израильге қару саудасына наразылық көрсетті.

1641220
АҚШ-тың Израильге соңғы қару сатылымына наразылық

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) мұсылман конгресс мүшесі Ильхан Омар Газа шабуылдарынан қысқа уақыт бұрын Израильге 735 миллион долларлық қару-жарақ саудасын бекіткен президент Джо Байден әкімшілігіне наразылық көрсетті.

Жасаған жазбаша мәлімдемеде Израильге дәлдеу қабілеті жоғары тұмсықты зымыран саудасына рұқсат берген Байден әкімшілігін сынға алған Омар «Байден әкімшілігі үшін зорлық-зомбылық пен бейбіт тұрғындарға шабуылдардың күшеюінің артынан Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға алғы шартсыз 735 миллион долларлық дәлдікпен басқарылатын тұмсықты қаруды сатуға рұқсат беруі таңқаларлық болар еді» деді.

«Егер бұл сатылым мақұлданатын болса, бұл зорлық-зомбылықты жалғастырудың алдын ашу және атысты тоқтату бастамаларына кедергі жасау деген мағынаға келеді» деген Омар Израильдің бейбіт тұрғындарға жасағандарын көрген АҚШ әкімшілігінің қару-жарақ сату келісімін қайта қарауға тиісті екенін мәлімдеді.

Израильдің палестиналықтарға бағытталған шабуылдары жалғасып жатқанда, демократ Конгресс мүшелері Байден әкімшілігінің Израиль саясаттарына наразылықтарын тілге тиек етуде.



Ұқсас жаңалықтар