Боко Харамның лаңкестіктері толастамады

Бір аптада 108 адам қаза тапты.

1640484
Боко Харамның лаңкестіктері толастамады

Батыс Африкадағы Нигерияда қарулы шабуылдарда өткен апта 108 адам қаза тапты.

Ұлттық баспасөзде орын алған хабарларға қарағанда,  террорлық ұйым Боко Харам мен қарулы топ мүшелері дүйсенбі күнінен жексенбі күніне дейін елдің түрлі аймақтарында шабуылдар жасады.

Осы шабуылдарда барлығы 108 адам қаза тапты.  Көптеген адам жарақат алды.

Елдегі шабуылдардан кейін Нигерияның оңтүстік уәлаяттарындағы 17 әкім үкіметті қауіпсіздік мәселесіне байланысты жедел диалог бастауға шақырды.

Әкімдер мемлекет басшысы Мұхаммед Бухаридің елдегі қауіпсіздік мәселесі тақырыбында азаматтарға үн қатуы керектігін айтты.

Нигерияда Боко Харамның 2009 жылдан бергі жаппай лаңкестіктерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар