АҚШ-тың Айова штатында пойыз апаты

АҚШ-тың Айова штатында жүк пойызы рельстен шығып, өртеніп кетті.

1640742
АҚШ-тың Айова штатында пойыз апаты

Пойыздың неліктен рельстен шығып кеткені қазірше белгісіз.

Рельстен шыққан пойыздың өртенгені хабарланды. Апатқа ұшыраған пойыздың қатты жарылғыш ерекшелігіне ие тыңайтқыштар мен аммиак селитрасын алып бара жатқаны атап көрсетілді.

Оқиға кезінде адам шығыны немесе зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді.

Өрт сөндіру топтары өртті сөндіруге тырысып жатқанда, аймақ тұрғындарының да эвакуацияланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар