Украинаның бір әскері қаза тапты

Ресейді жақтайтын жікшілдердің оғынан Украинаның бір әскері қаза тапты.

1639260
Украинаның бір әскері қаза тапты

Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында Ресейді жақтайтын жікшілдердің оғынан Украинаның бір әскері қаза тапты.

Украина Қарулы күштері хабарлама жариялап,  жікшілдердің мергенінің Украинаның бір әскерін өлтіргенін білдірді.

Донбасс аймағындағы дағдарыстың шешілуіне байланысты Ресей, Украина және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан тұратын Үштік байланыс тобы 2020 жылдың 27 шілде күнінен бастап атысты тоқтату шешіміне келген болатын.

Аймақта бір жақты тәуелсіздік жариялаған Ресей жақтастары мен Киев әкімшілігі арасында 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстарда 13 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар