Газаны түні бойы бомбалады

Израиль әрі құрлықтан, әрі теңізден және әуеден бомбалады.

1639252
Газаны түні бойы бомбалады

Израиль әскерлері Газаны әуеден, құрлықтан және теңізден де бомбалап жатыр. 

Газаның солтүстік шығыс және солтүстік батыс аймақтарында түрлі нысандар Израиль күштері тарапынан әуеден және теңізден бомбаланды. Бомбалау салдарынан қалада электр қуаты үзіліп, бомбаланған жерлерде өрт шықты.  Аталмыш аймақтарға жедел жәрдем көліктері мен азаматтық қорғаныс топтары жіберілді.

Түнде Газа секторының солтүстігін бомбалаған Израиль әскери ұшақтары екі сағаттық тыныштықтан кейін қайтадан бомбалады.

Осы арада Израиль армия хатшылығы «Газаға кіргені» туралы хабарламадан аулақ тұрып, «әскерлердің кіріп кірмегенін анықтай алмаймыз» деген сөздер қолданды.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы АА тілшісіне Израиль армиясының Газа секторына «құрлық операциясын» бастағанын айтқан болатын. Баспасөз хатшылығы «аударма қатесі болғанын,  құрлық операциясы басталмағанын» білдірді.

Осы арада Израильдің 10 мамыр күні басталған әуе бомбалауларында 103 палестиналық азамат қаза тапты. Олардың 27-сі балалар, 580 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар