Израиль полициясы түнде де шабуылдады

Барлығы 65 адам шейіт болды.

1638673
Израиль полициясы түнде де шабуылдады

Израиль полициясы оккупациядағы Шығыс Иерусалимнің Ескі қала аймағының Дамаск қақпасы мен Шейх Жаррах ауданында палестиналықтарға шабуылдады.

Шығыс Иерусалимнің Ескі қала аймағындағы Әл-Ақса мешітінде қылынған намаздан кейін жиналған палестиналықтар Израиль полициясының шабуылына ұшырады. Израиль полициясы үйлерінен күштеп көшіріліп жатқан палестиналықтарға шабуылдады.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамы жазбаша хабарлама жариялап, Израиль полициясының дауыс бомбалары,  пластикалық оқ, көз жасаурататын газ және үлкен көліктермен шабуылдағанын білдірді.

Оқиғалар барысында 18 палестиналық азамат жарақат алды.

Израильдің оккупациясындағы Газа секторында неше күннен бері болып жатқан оқиғаларда барлығы 65 палестиналық азамат шейіт болды.  Олардың 16-сы балалар, бесеуі әйел. 365 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар