БҰҰ Таяу Шығыс үшін ескерту жасады

"Оқиға толық ауқымды соғысқа қарай жылжуда"

1638233
БҰҰ Таяу Шығыс үшін ескерту жасады

БҰҰ Таяу Шығыс жөнінде ескерту жариялады.

БҰҰ Таяу Шығыс Бейбітшілік процесі арнайы координаторы Тор Уенневлэнд Израиль мен Палестинаның «толық ауқымды бір соғысқа қарай жылжығанын» айтып, ескертті.

Ол әлеуметтік желіде «Өртті дереу сөндіріңдер, толық ауқымды бір соғысқа қарай жылжып отырмыз» деп жазды.

БҰҰ өкілі барлық тараптың келіспеушілікті азайту үшін жауапкершілігі бар екенін айтып: «Газада соғыстың құнын халық төлеп отыр» деді.
Израиль полициясының басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимде Шейх Жеррах ауданында тұратын палестиналықтарды күштеп көшіруі келіспеушілікке жол ашты.

Әл-Ақса мешітіндегі шабуыл да қасиетті қаладағы келіспеушілікті шиеліністірді.
израильдің әуеден бомбалауында 35 адам шейіт болып, жүздеген адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар