Израиль шабуылдарында шейіт палестиналық саны 24-ке жетті

Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

1637706
Израиль шабуылдарында шейіт палестиналық саны 24-ке жетті

Израильдің кеше Газа секторына түнгі уақытта жасаған шабуылдарында шейіт болғандар саны 24-ке өсті, жаралы саны 103-ке жетті.

Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда соңғы шабуылдардың артынан тағы 3 адамның қаза табуымен жалпы шейіт болған адам саны 24-ке өсті.

Азаматтық Қорғаныс топтарынан бір лауазымды соңғы шабуылдарда адам шығындарының Газа секторының солтүстік батысындағы бір үйде болғанын, үй тұрғындарынан қаза тапқан үш кісіден бірінің әйел, бірінің болса мүгедек бір палестиналық екенін мәлімдеді.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі алдында жасаған мәлімдемесінде Израильдің шабуылдарында 9 бала, барлығы 21 адамның шейіт болғанын, 95 адамның болса жарақат алғанын хабарлаған болатын.

Дүйсенбі күні түнгі уақытта Израиль армиясы Газа секторына әскери операция бастағанын, Газаға әуе шабуылы жасалғанын, Газа секторынан елдің оңтүстігіне көптеген зымыран атылғанын алға тартқан болатын.

Басқа жағынан Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас Израильдің Газа секторына шабуылдарында шейіт болған палестиналықтармен байланысты Ораза айт мерекелік іс-шараларын тоқтатуға және мемлекеттік байрақты жартылай төмен түсіруге шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар