Қажылыққа Ковид-19 шарттарымен баруға болады

Сауд Арабиясы Ковид-19 індеті себепті өткен жылы тек қана ел ішіндегі аз санды қажы үміткерлерін қабылдаған болатын.

1636992
Қажылыққа Ковид-19 шарттарымен баруға болады

Сауд Арабиясы биылғы қажылық ғибадатының Ковид-19 індетінің көлеңкесінде арнайы денсаулық сақтау және қауіпсіздік шарттары аясында өткізілетінін хабарлады.

Қажылық және Умре министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде биылғы қажылықтың қажылардың денсаулығын қорғау арқылы ғибадаттарын жайлы орындаулары ескеріліп, арнайы денсаулық сақтау және қауіпсіздік шарттары аясында өткізілуі жоспарланғаны білдірілді.

Мәлімдемеде қажылықтың шарттары мен сақтық шараларына байланысты нақтылы жағдай кейін жарияланатыны хабарланды.

Сауд Арабиясы Ковид-19 індеті себепті өткен жылы тек қана ел ішіндегі аз санды қажы үміткерлерін қабылдаған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар