Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтары Иззеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі күзет бекетін бомбалады.

1636883
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтары Газаның қақ ортасындағы Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі күзет бекетін бомбалады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі немесе Газадағы ресми мекемелер шабуыл салдарынан мүлік пен адам шығыны туралы әлі бір мәлімдеме жасамады.

Басқа жағынан Израиль армиясы әскери ұшақпен Хамасқа тиесілі әскери бір бекініске әуе шабуылы жасалғанын жариялады.

Мәлімдемеде шабуылдың себебі ретінде Газа секторынан Израиль жеріне жасалғаны алға тартылған зымыран шабуылы көрсетілді.

Израиль армиясы кеше Газадан өз жеріне бір зымыран атылғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар