Дональд Трамп жеке блог ашты

Трамп: "Дональд Трамптың үстелінен" атты блогті "еркін және сенімді түрде сөйлесетін мекен" деп таныстырды.

1634730
Дональд Трамп жеке блог ашты

Осының алдында әлеуметтік медиа платформаларындағы парақшалары тоқтатылған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне жеке блог ашты. 

Трамп: "Дональд Трамптың үстелінен" атты блогті "еркін және сенімді түрде сөйлесетін мекен" деп таныстырды. 

Дональд Трамп осы арқылы қолдаушыларымен тікелей байланыс орнатады.

Парақшада қолданушылардың Трамптың жариялаған материалдарын ұнату, Twitter және Facebook беттерінде бөлісу талғамдары бар.

Бұл Дональд Трамптың Twitter және Facebook беттеріне қол жеткізу жоспары деп бағалануда. 

Дональд Трамптың бөліскен заттарының әлеуметтік медиа платформаларына жалғануына қатысты ұйымдардың рұқсат беріп-бермейтіні әлі анық емес.

6 қаңтардағы Конгреске қанды басып кіруден кейін технология алпауыттары Дональд Трамптың бөліскен материалдары себепті оның әлекметтік медиа платформаларын жапқан болатын.

Осы себепті Трамп өзінің әлеуметтік медиа желісін құратынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар