Колумбияда наразылықтар жалғасуда
Салық реформасына қарсы топтық наразылықтарда қаза тапқандар саны 19-ға жетті.
Колумбияда 28 сәуір күнінен бері жалғасып келе жатқан салық реформасына қарсы топтық наразылықтарда қаза тапқандар саны 19-ға жетті. 846 адам жарақат алды.
Наразылық шерулерінің орталығы болған бас қала Боготаның тарихи Боливар алаңына шыққан шерушілер президенттің экономика сясатына қарсы шықты.
Бірнеше қалада көшеге шыққан мыңдаған адам үкімет пен полицияның шерушілерге деген ұстанымын сынады. Колумбия қоғамдық оқиғаларға килугі тобы ESMAD полициялары мен шерушілер арасында кейбір жерлерде қақтығыс шықты. Полиция қазірге дейін 431 адамды қамауға алды.
Қорғаныс министрі көшедегі оқиғаларға бұрынғы Колумбия төңкерісшіл қарулы күштер (FARC) және Марксист ұйым Ұлттық азаттық армиясын (ELN) жауапты деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.