Ирандағы селде 10 кісі қаза тапты

Сел 6 аудан мен 47 ауылға әсерін тигізгенін тілге тиек еткен Велипур іздеу және құтқару жұмыстарына жүздеген кісінің қатысқанын хабарлады.

1633807
Ирандағы селде 10 кісі қаза тапты

Иранның түрліше аймақтарында нөсерлі жаңбыр себеп болған сел апатында кемінде 10 кісі қаза тапты.

Иран Жұмысшылар Хабар агенттігіне сұхбат берген Ираны Қызыл жарты ай жәрдем және құтқару ұйымының төрағасы Мехди Велипур елдің солтүстік шығыс, орта және оңтүстік шығыс аймақтарында кешеден бергі нөсерлі жаңбыр селге айналғанын айтты.

Мехди Велипу:

"Нөсерлі жаңбырлар Исфахан, Йезд, Оңтүстік Хоросан, Тегеран қатарлы көптеген уәлаятта селге айналды. Сел апатында 10 кісінің мәйіті табылды. Бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда" деді.

Сел 6 аудан мен 47 ауылға әсерін тигізгенін тілге тиек еткен Велипур іздеу және құтқару жұмыстарына жүздеген кісінің қатысқанын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар