Ливиядағы Мұсылман бауырлар қоғамы мәлімдеме жасады

Ливиядағы Мұсылман бауырлар қоғамы атын «Қайта тірілу және реформалау қауымдастығы» деп өзгертті.

1633031
Ливиядағы Мұсылман бауырлар қоғамы мәлімдеме жасады

Қоғамның әлеуметтік медиа парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Барлық ливиялықтарға Алланың рақымы және көмегімен қауымдастықтың исламның орта жолын ұстану және іліміне бағыну шақыруын жандандыру мақсатты «Қайта тірілу және реформалау қауымдастығы» деп аталатын бірлестікке айналғанын жариялаймыз» делінді.

Мәлімдемеде шешімнің қауымдастық мүшелері қатысқан көптеген семинар мен келіссөздік отырыстар өткізілген 11-ші құрылтайда қабылданғаны және қауымдастықтың Ливияның әртүрлі қоғамдық орындарында қарқынды жұмыс істеу арқылы өз хабарламаларын жеткізетіні айтылды.

Бұрынғы Ихван мүшесі және қоғамының саяси қанаты Әділет және ғимарат партиясы мүшесі Абдүрреззак Серген жұмыстарын тек қана Ливиямен шектеуге шешім қабылдағанын, бұл себепті бір азаматтық қоғам мекемесі ретінде қауымдастыққа айналғанын атап көрсетті.

Серген бұл шешіммен қоғамның Ливиядан тыс ешбір жермен байланысы қалмағанын, жаһандық бір қоғам болған Мұсылман бауырлар қоғамына (Ихван) бағынышты емес екенін, тек қана ел ішінде қызмет ететін бір қауымдастыққа айналғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар