Террор ұйымы бейбіт тұрғындарды нысанаға алды

PKK/YPG-нің шабуылында 1 бала қаза тауып, 2 адам жараланды.

1632401
Террор ұйымы бейбіт тұрғындарды нысанаға алды

Сирияның Африн ауданында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған террор ұйымы PKK/YPG-нің шабуылында 1 бала қаза тауып, 2 адам жараланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтынан жасалған хабарламада PKK/YPG-лік террористердің егістікте жұмыс істейтін бейбіт адамдарды нысанаға алғаны білдірілді.

Афринде егістіктер орын алған аймаққа 8 снаряд оғы атқан террористтер бір ана мен балаға қоса бір диқанды жаралады.

Жаралы бала қаза тапты, аймақтағы террор нысаналары атқыланды. Хабарламада снаряд оқтары мен зымырандар құлаған сәттің бейне көріністеріне де орын берілді.

Басқа жағынан Сирияда YPG/PKK-лық террористтер сексуалды шабуыл жасаған кезде 17 жасар қызды бейне көрініске түсірді және туыс-тамырларына көрсетумен қорқытып, оны жанкешті бомба болуға мәжбүрледі.

YPG/PKK-нің басқынгшылығындағы Манбидж ауданында өмір сүрген раккалық 17 жасар қыз Афринде қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталып тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар