Зариф Йеменде саяси шешімді қолдайды

Зариф хоуситтердің бас келіссөз жүргізушісі Мұхаммед Абдуселаммен кездесті.

1630649
Зариф Йеменде саяси шешімді қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зария Йемендегі дағдарыстың жалғыз шешімінің саяси екенін білдірді.

Иран сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Оманның бас қаласы Маскатта жүрген Зариф хоуситтердің бас келіссөз жүргізушісі Мұхаммед Абдуселаммен кездесті.

Зариф кездесуде Йемендегі дағдарыстың жалғыз шешімінің саяси екенін айтты. Ол бітімді және йемендіктердің өз арасындағы келіссөзді қолдайтынын білдірді.

Абдуселам да Зарифке Йемендегі соңғы ахуал жайлы мәлімет берді.

Көп уақыттан бері саяси тұрақсыздық жайлаған Йеменде Иранның қолдауындағы хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар болуда. Алты жылдан бері елде мыңдаған адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар