Кейбір елдерден келген жолаушыларға бақылауды арттырды

Айырықша осы кісілерден үйлерінде де 14 күнге қайтадан карантинге отырулары талап етіледі.

1630782
Кейбір елдерден келген жолаушыларға бақылауды арттырды

Жапония коронавирустың жаңа нұсқасы табылған Үндістан, Перу және Америка Құрама Штаттарының кейбір штаттарынан келген жолаушыларға бақылауды арттырды.

Елде коронавирустың жаңа нұсқаулары табылған ел мен аймақтарға бағытталып тестілеу және карантин шарттары жаңартылды. Осыған орай Америка Құрама Штаттарының  Теннесси, Флорида, Мичиган және Миннисота штаттары, Үндістан және Перуден келген жолаушылар алдын ала белгіленген пункттерде карантинге алынады.

1 мамыр күні күшіне енетін жаңа қағидалар шеңберінде жолаушылардан Жапонияға жеткеннен кейін үшінші күні қайтадан ковид тестінен өтулері талап етіледі. Осы кісілер негатив шыққан тест анықтамасын көрсеткен жағдайда, қоғамдық транспорт қолданбастан үйлеріне кете алады.

Айырықша осы кісілерден үйлерінде де 14 күнге қайтадан карантинге отырулары талап етіледі.

Қазір жолаушылар шығу пункттерінен кетпей тұрып 72 сағат бұрын негатив тест қорытындысын көрсетеді, Жапонияға жеткенде қайтадан тестілеуден өтеді.

Жапония «арнайы шарты себебімен рұқсат берілгендер» тысында ықтиярхат құжаты жоқ барлық шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды.



Ұқсас жаңалықтар