Энтони Блинкен мен Ильхам Әлиев сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

1630701
Энтони Блинкен мен Ильхам Әлиев сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен  Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Карабах тақырыбын қолға алды. 

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс Блинкен мен Әлиев арасындағы телефон әңгімелеріне байланысты мәлімдеме жасады. 

Прайс мәлімдемесінде "Мемлекеттік хатшы Блинкен мен Президент Әлиев АҚШ пен Әзербайжан  арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тілге тиек етті және көптеген тақырыпты қолға алды" деген сөздер қолданды. 

Блинкеннің адам құқықтары және негізгі еркіндіктердің маңыздылығын қайталағанын білдірген Прайс "Мемлекеттік хатшы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында Минск тобы тең төрағаларының аймақтағы барлық адамдардың тыныштығы үшін Таулы Карабах аймағындағы қақтығыстарға түбегейлі шешім табу  талпыныстарына назар аударды" деді. 

Әлиев телефондағы әңгіме барасында АҚШ Президенті Джо Байденнің 1915 армян оқиғаларын "қырғын" деп тануына тоқталып "Түркия Әзербайжанның жақын досы және одақтасы. Соғыстан кейін аймағымызда өте маңызды рөл ойнауда. АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі Әзербайжан әкімшілігі мен халқын қатты мазасыздандырды" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар