Зеленский шекарадағы майдан желісіне барды

Әскерлермен кездескен Зеленский олардың жағдайы жайында мәлімет алды.

1629891
Зеленский шекарадағы майдан желісіне барды

Украина мемлекет басшысы Владимир Зеленский Ресей заңсыз түрде басып алған Қырым мен Украина арасындағы майдан желісіне барды.

Украина президенттік аппараты хабарлама жасап,  Зеленскийдің әскери жасақтарды аралағанын білдірді. Әскерлермен кездескен Зеленский олардың жағдайы жайында мәлімет алды.

Зеленский армияның техникалық және психологиялық тұрғыдан жағдайын түсінудің маңызды екенін айтып, Ресейдің әскери жасақтарын әкеткенін, бірақ мұның қайта келмейді деген мағынаға келмейтінін білдірді. Ол Еуропа елдерінің және Америка Құрама Штаттарының ынтасының келіспеушіліктің азаюы үшін мүмкіндік болғанын айтты.

«Орыс жасақтарының қайтадан келетініне кепілдік бермейміз.  Сонда да Украина шекарасынан жасақтарын әкетуіне ризамыз. Бұл - келіспеушілікті жалғастырмау үшін ниет көрсеткіші» деді ол.

Донбастағы соғыстың аяқталуы үшін басқа елдердің де бейбітшілік келіссөзіне қосылуының процесті тездетуі мүмкін екенін айтқан Зеленский «Нормандия форматына қосымша жасауға болады,  басқа елдермен бөлек және параллель бір формат» деді.



Ұқсас жаңалықтар