Сауд Арабиясы Иранмен қатынастарды жақсартуды қалайды

Мұхаммед бин Селман Иранмен жақсы қатынас құрғысы келетіндерін айтты.

1629989
Сауд Арабиясы Иранмен қатынастарды жақсартуды қалайды

Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селман Иранмен жақсы қатынас құрғысы келетіндерін айтты.

Мұрагер ханзада Селман Сауд Арабиясының ресми телеарнасында сұхбат берді.  Ол елінің Иранмен таңдаулы, жақсы қатынас құрғысы келетінін білдірді.  «Иран – көрші ел, біз жақсы қатынас құрғымыз келеді» деді ол.  

Ханзада «Иранның жақсы болуы және арамызда өзара мүдде болуын тілейміз» дегеннен кейін «Алайда арамыздағы проблема ядролық бағдарлама немесе кейбір аймақ елдерінде заңға қайшы істерге қолдау беруі және баллистикалық зымыран бағдарламасы секілді тақырыптарда шығады» деді.



Ұқсас жаңалықтар