Оңтүстік Суданға байланысты ескерту

БҰҰ ескерту жасады.

1629295
Оңтүстік Суданға байланысты ескерту

БҰҰ Оңтүстік Суданда артып отырған саяси, әскери және этникалық жікшілдіктің елді қайтадан азаматтық соғысқа итермелеуі мүмкін екенін,  осы жағдайда тапшылық пен аштық болатынын айтып ескертті.

БҰҰ-ның есебінде президент Сальва Киир басшылығындағы үкімет күштері мен президенттің бірінші орынбасары Риек Мачар басшылығындағы оппозиция күштері арасында қол қойылған келісімге байланысты көзқарас айырмашылығы бар екеніне назар аударылды. Президент Киир уақытша процесті басқара алмады, Мачар үкіметті ешбір ықпал көрсете алмады деген себептермен өздерінің этникалық топтары мен қарулы күштері арасында қақтығыс пайда болды. 2011 жылы Суданнан тәуелсіздігін алғаннан кейін 2013 жылы басталған соғыстың тараптары арасындағы келіспеушіліктер елді қайтадан азаматтық соғысқа итермелеуі мүмкін. Бұл да жаңа гуманитарлық дағдарыс ала келеді.



Ұқсас жаңалықтар