Мьянмада қаза тапқандар саны 753-ке жетті

Мьянмадағы әскери төңкеріс пен саяси тұтқындар үшін басталған шерулер жалғасуда.

1628943
Мьянмада қаза тапқандар саны 753-ке жетті

Мьянмадағы әскери төңкеріске және сайланған үкімет мүшелерін тергеуге алуға қарсы ұйымдастырылған наразылық акцияларында шерушілерге қарсы қауіпсіздік күштерінің қару қолдануы салдарынан қаза тапқандар саны 753-ке жетті.

Саяси қамауға алынған адамдарды қолдау қоғамы жариялаған күнделікті есепте елде соңғы 24 сағаттың ішінде тағы 2 адам қаза тапқанын растағаны білдірілді.

Жалпы адам шығыны 753 болып жаңарса, 3 мың 441 адамның қамауда екені атап көрсетілді.

1 мың 179 адамды қамауға алу туралы бұйрығының әлі күшінде екеніне назар аударылды.

Екінші жағынан төңкеріске қарсы этникалық қарулы топтардың бірі Карен ұлттық одағы (ҚҰО) елдің оңтүстігіндегі Тайланд шекарасында орналасқан Мьянма армиясына тиесілі бір әскери базаны басып алды.

ҚҰО жасаған мәлімдемеде жергілікті уақытпен 04.30-да Карен уәлаятына қарасты Мутрау аймағындағы әскери базаның басып алынғаны атап көрсетілді.

Қақтығыстың аяғында базаның басып алынғанын жариялаған ҚҰОадам шығыны туралы мағлұмат бөліспеді.



Ұқсас жаңалықтар