Ливияда көтерілісшілдердің қарулы көлік керуені шығысқа қарай бет алды

Ливия армиясы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1629015
Ливияда көтерілісшілдердің қарулы көлік керуені шығысқа қарай бет алды

Ливия армиясы Триполидың оңтүстік шығысындағы Шувейриф аймағында елдің шығысындағы көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтарға қарасты қарулы бір керуеннің қозғалғанын хабарлады.

«Ашу вулканы» операциясы бөлiмшесінің баспасөз орталығы тарапынан әлеуметтік медиада жасалған мәлімдемеде «Орыс ақылы сарбаздары қолдау берген соғыс қылмыскері Хафтарға қарасты қарулы көлік керуенінің шығысқа қарай Шувейриф аймағы бағыты бойынша қозғала бастағаны байқалды» делінді.

Мәлімдемеде керуеннің 63 автокөлік, оқ-дәрі тиелген 3 жүк көлігі және неміс өнімі бір жүк тасымалдау көлігіне орналастырылған екі орыс әуе қорғаныс жүйесі «Панцир» S1-ден тұрғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде бұл қозғалудың атысты тоқтату режимін бұзатын және Швейцарияның Женева қаласында 2020 жылы 19-23 қазан күндері өткен 5+5 бірлескен әскери комитет жиналыстары аясында Ливия үкіметі мен Хафтарға қарасты делегациялар арасында қол қойылған келісімге қарама-қайшы екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар