Кемінде бір миллиард бала - жетім

Бүгін - Жетімдер күні.

1629313
Кемінде бір миллиард бала - жетім

Жер шарындағы шамамен 2,5 миллиард баланың кемінде бір миллиарды – тұл жетім.

Жетім фонды хабарлама жариялап,  Ислам Ынтымақтастық ұйымы тарапынан Рамазан айының 15 жұлдызының Жетімдер күні деп жарияланғанын білдірді. Жетімдер күні биыл сегізінші мәрте атап өтілуде. Ислам әлемінде жетім балаларға деген сананың арттырылуы, жетімдер туындайтын соғыс, кедейлік, ауру және адам қолынан шыққан басқа да апаттардың азайтылуы мақсат етіледі.

Хабарламада «Жер шарында шамамен 2,5 миллиард баланың кемінде бір миллиарды  - жетім. Әлем балалардың көбін жетім қылды» деп айтылды.

Мысалы Сирия соғысында шамамен бір миллион бала жетім қалды.  Әлемде шамамен 395 миллион бала асыра кедейлікте өмір сүруде.

Сириядағы соғыс барысында Еуропаға өту барысында он мың бала жоғалып кеткен. Хабарламада «Сіздерді әлі де кеш болмай тұрғанда, Сирияда өз мемлекеті тарапынан жетім қалдырылған балаларға қолқанат болуға, Шығыс Түркістанда балалардың үні болуға, Палестинада өз елінде құл болған балаларға көмектесуге, Араканда отансыз қалған балаларды көруге,  әлемдегі 400 миллион жетімге қорған болуға шақырамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар