Ұлыбританияның СКТР-ні танитыны алға тартылды

The Sunday Express газеті Ұлыбританияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасын «тәуелсіз ел ретінде" тануды ойлағанын жазды.

1628392
Ұлыбританияның СКТР-ні танитыны алға тартылды

Ұлыбританияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) тәуелсіз ел ретінде танитыны алға тартылды.

Ағылшын The Sunday Express газеті Джонсон үкіметіне жақын ақпарат көздеріне сілтеген бір хабарында Швейцарияның Женева қаласында 27-29 сәуір күндері "Кипр мәселесі" туралы бейресми келіссөздер өтетінін жариялады.

Келіссөздерде тараптар ортақ келісімге келмеген жағдайда Ұлыбританияның ресми түрде Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) «тәуелсіз ел ретінде" тануды ойлағаны алға тартылды. Мұның аралда тараптар арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін бір қадам болатындығына назар аударылды.

Газеттің хабарына қарағанда танылған жағдайда Ұлыбритания мен СКТР арасында тікелей рейстер басталады.

Хабарда тікелей рейстердің басталуымен СКТР-ның ағылшындар үшін жаңа бір демалыс мекені болатыны орын алды.



Ұқсас жаңалықтар