Мьянмада соңғы жағдай

Соңғы бір тәулікте алты адам қаза тапты.

1628251
Мьянмада соңғы жағдай

Мьянмада әскери төңкеріске және үкімет мүшелерінің қамауға алынуына қарсы шерулер жалғасып жатыр. Осындай шерулерде қауіпсіздік күштерінің оғынан қаза тапқандардың саны 751-ге жетті.

Саяси тұтқындарға көмек ұйымының есебіне сүйенсек, елде соңғы бір тәулікте алты адам қаза тапты. 3 мың 431 адам қамауда. 1159 адам жөнінде қамау шешімі берілді.

Сонымен қатар әскери төңкеріске қарсы шерулерге қолдау берген мьянмалық жазушы және журналист Ту Ту Таның қамауға алынғаны хабарланды. Журналистің отбасы Таның 18 жасар баласымен бірге қамауға алынғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар