Голландиядан F-35 мәлімдемесі

«F-35 жойғыш ұшақтарының моторы мерзімінен бұрын тозады».

1626827
Голландиядан F-35 мәлімдемесі

Голландиядан «F-35 жойғыш ұшақтарының моторы жылдам тозады» мәлімдемесі келді. Елдегі барлық F-35 әскери ұшақтарының тексерілетіні жарияланды.

Голландия Қорғаныс министрлігі Әуе күштері құрамындағы үш F-35 әскери ұшағының реактивті моторларының мерзімінен бұрын тозғанын мәлімдеді.

Министрлік мәлімдемесінде мотордың тозуына ұшу-қону жолағы бетінен көтерілген шаңның себеп болуы мүмкін екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «F-35 моторларын F-16 әскери ұшақтарымен салыстырғанда одан ауыр және ұшу-қону кезінде жолақтан көтерілген шаңның одан көп тозуына себеп болуда» делінді.

Елдегі барлық F-35 әскери ұшақ моторының жылдам тозуына байланысты сақтық шаралары аясында ұшуларының тоқтатылғаны, моторларының тексеруден өтетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар