Чадтағы президенттік сайлауда Идрис Деби Итно жеңіске жетті

Президенттікке 6-шы рет үміткер болған қазіргі президент 30 жылдан бері бұл міндетті атқарып келеді.

1624619
Чадтағы президенттік сайлауда Идрис Деби Итно жеңіске жетті

Орталық Африка елі Чадтағы президенттік сайлауда Идрис Деби Итно жеңіске жетті.

Тәуелсіз Ұлттық сайлау комиссиясы жариялаған нақты қорытындыға қарағанда 6-шы рет үміткер болған қазіргі президент Идрис Деби Итно 79,32 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз болды.

Пахими Падак Альберт 10,32 пайыз және жалғыз әйел үміткер болған Бассемда Лиди 3,16 пайыз жинаса, қалған 7 үміткер 2 пайыздан аса алмады.

7 миллион 300 мыңға жуық сайлаушы бар Чадта 11 сәуірде өткен сайлауға қатысушылардың мөлшері 64,81 пайызды құрады.

Елді 30 жылдан астам уақыттан бері басқарған президент Итно 2018 жылы Конституцияға өзгеріс енгізіп, биылғы міндет мерзімінің аяқталуының артынан әрқайсысы 6 жылға тағы екі рет сайлануының алдын ашқан еді.

Кейбір оппозиция басшылары сайлауға бойкот жариялауға шақырды.

Оппозиция Чадты 30 жылдан астам уақыттан бері басқаратын Итноды елде монархия орнатуға тырысумен айыптаса, Итно адамдардың өзіне деген сенімі себепті қайтадан үміткер болғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар