Чад президенті Деби қақтығыста қаза тапты

Майдан желісінде жалғасқан қақтығыста ауыр жарақат алған Чад президенті Идрис Деби қаза тапты.

1624943
Чад президенті Деби қақтығыста қаза тапты

Чад армиясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Дебидің көтерілісшілдермен майданның алдыңғы сабында қақтығысқан кезде жарақат алғаны және қаза тапқаны білдірілді.

Идрис Дебидің орнына баласы генерал Махамат Каканың басшылығындағы әскери кеңестің уақытша билікті басқаратыны білдірілді.

Елде 11 сәуір күні болып өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен 68 жасар Деби Ұлтазаттық қозғалыс партиясымен алғаш сайланған 1990 жылдан бері билікте болатын.

Кейбір оппозиция басшылары соңғы сайлауға бойкот жариялауға шақырған еді.



Ұқсас жаңалықтар