"Сайлауды уақытында өткізуге бел будық"

Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас сайлау туралы мәлімдеді.

1623908
"Сайлауды уақытында өткізуге бел будық"

Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас барлық Палестина жерінде сайлауды белгіленген уақытта өткізуге бел буғандарын айтты.

Палестина ресми хабар агенттігі  "WAFA"-ға қарағанда Аббас Палестина азаттық қозғалысының Атқару комитеті отырысында баяндама жасады.

Батыс Шерия мен Газа секторынан бастап, бүкіл Палестинада сайлауды уақытында өткізуге бел буғандарын атап көрсеткен Аббас «Иерусалимде міндетті түрде сайлау өткізілуін қалаймыз. Қазірге дейінгі ұстанымымыз осы. Басқа бір жағдайды әлі талқылай алған жоқпыз» деді.

Атқару комитеті болса жиналыстың артынан жасаған жазбаша мәлімдемеде халықаралық қоғам бүкіл Палестина жерінде және әсіресе Шығыс Иерусалимде өткізілетін сайлауға кедергі жасалмауы жөнінде  Израильді ынталандыруға шақырды.

Комитет сондай-ақ Израиль басқыншы күштерінің сайлаудың үміткерлерін ұйымдастырған жиналыстарында тұтқындап, Иерусалимде кезкелген бір сайлау науқанына кедергі жасауын айыптады.

Израиль полициясы сенбі күні кешке Иерусалимде өткен сайлау туралы баспасөз мәслихатына кедергі жасап, үш үміткер тергеуге алынған және кейін босатылған болатын.

Израиль үкіметі 22 мамыр күні Иерусалимде жоспарланған Палестина сайлауына қатысты өтінішке жауап беруден бас тартуда.



Ұқсас жаңалықтар