Мысырдағы пойыз апатында 8 кісі қаза тапты

Мысырда жолаушы пойызының желіден шығуы салдарынан болған апатта 8 кісі қаза тапты, 100-ден астам кісі жараланды.

1623577
Мысырдағы пойыз апатында 8 кісі қаза тапты

Мысырдың Калюбие қаласында бір жолаушы пойызы желіден шығуы салдарынан болған апатта 8 кісі қаза тапты, 100-ден астам кісі жараланды. 

Мысыр Темір жолдары ұйымынан жасалған мәлімдемеде 949-шы кезекті Каир-Мансура жолаушы пойызы Калюбие қаласында желіден шыққаны және 4 вагонның аударылғаны абарланды. 

Оқиға болған жерге жедел жәрдем көліктері жолданды.

Мысырда  26 наурызда да пойыз апаты болып, 32 кіс і қаза тапқан және 66 кісі жараланған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар