Украинаның Ресейге консулдық жауабы

Украина Ресейдің шешіміне қарсы шешім қабылдап, орыс аға дипломатты шекарадан шығаратынын жариялады.

1623291
Украинаның Ресейге консулдық жауабы

Ресейдің Украинаның Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюкті депортация туралы шешімінің артынан Украина қарсылық ретінде Киевтегі Ресей елшілігінің бір дипломатын елден шығаратынын жариялады.

Украина Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюкке тағылған айыптардың қабылданбағаны айтылды.

Сосонюктің тергеуге алынып депортация шешімінің айыпталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Ресейдің дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясын бұзғаны баса айтылды.

Мәлімдемеде бұл «арандатушылыққа» қарсы жауап ретінде Ресейдің Киевтегі елшілігінің аға дипломатының 19 сәуірден бастап 72 сағат ішінде Украинадан кетуі керек делінген.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) украиналық консулы Александр Сосонюкті «құпия ақпарат бергені» үшін тергеуге алған еді.

Украина Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Олег Николенко болса Сосонюктің тергеуге алынуын «Ресейдің арандатуы» деп бағалады, бұған жауап беретіндерін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар