Ресей Украина консулын шекарадан шығаруға шешім қабылдады

Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюк кеше тергеуге алынған болатын.

1623258
Ресей Украина консулын шекарадан шығаруға шешім қабылдады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Украинаның Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюкты «құпия ақпарат жинау» деген себеппен тергеуге алды.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жасаған мәлімдемеде Сосонюктың аты аталмаған бір орыс азаматынан қауіпсіздік бөлімшелері туралы құпия ақпаратты алған кезде ұсталғаны алға тартылды.

Сосонюктың тергеуге алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Бұл жұмыс дипломатиялық қызметкердің мәртебесіне сәйкес келмейді және Ресей Федерациясына айқын қастық болып табылады» делінді.

Оқиғаның артынан Ресей Украинаның Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюкты шекарадан шығаруға шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрі Украина кеңесшісі Василий Покотилоны министрлікке шақырып 72 сағаттың ішінде Санкт-Петербург консулы Александр Сосонюктың елден кетуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар