Үшінші доза керек болуы мүмкін

Pfizer 12 ай ішінде үшінші доза керек болуы мүмкін екенін хабарлады.

1622426
Үшінші доза керек болуы мүмкін

Америкалық фармацевтика компаниясы Pfizer коронавирус вакцинасын салдырған кісілерге кемінде 12 ай ішінде үшінші доза керек болуы мүмкін екенін хабарлады.

Компанияның басшысы Альберт Бурла «Мүмкін бір сценарийге қарағанда 6 және 12 ай ішінде үшінші доза керек болуы мүмкін және адамдар жыл сайын қайта екпе ектіруі керек.  Жаңа вирус түрлерінің шығуы осындай шешім қабылдауда маңызды рол ойнайды» деді.

Pfizer-дің деректеріне қарағанда, бұл теория вакцина салынған екі мыңнан астам кісіге негізделген.  Алайда вакцинаның алты айдан кейін қорғап қорғамайтынын анықтау үшін одан да көп дерек қажеттігі білдірілді.

Pfizer және BioNTech ақпан айында вирустың жаңа штаммдарына қарсы иммунитет реакциясын жақсы түсіну үшін ковид вакцинасының үшінші дозасын сынап көргендерін жариялаған еді.

Johnson & Johnson компаниясының басшысы Алекс Горски де маусымдық тұмау секілді адамдардың жыл сайын ковид вакцинасын салдыруы қажет болуы мүмкін екенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар