Израиль полициясы палестиналық жастарға шабуылдады

Израиль полициясы Иерусалимде палестиналықтарға дыбыс бомбасы қолданды.

1622394
Израиль полициясы палестиналық жастарға шабуылдады

Ақса мешітіндегі тарауық намазынан кейін Дамаск қақпасы маңына жиналған ондаған палестиналық жас пен Израиль полициясы арасында қақтығыс шықты.

Кейде тәкбір айтып ұрандар тастаған палестиналық жастарға Израиль полициясы дыбыс бомбасымен қарсылық көрсетті.

Дамаск қақпасынан Сахире қақпасына дейін созылатын Сұлтан Сүлеймен даңғылы бойынша жастарды тарқату үшін атты Израиль полициясы аймақты аралады.

Ескі қаланың айналасында Израиль полициясы мен палестиналық жастар арасында үлкен қарбалас болды.

Израиль полициясы кейбір палестиналық жастарды тергеуге алып, кейбір жастарды ұрып-соққан.



Ұқсас жаңалықтар