Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Кандахар Полиция дирекциясы мәлімдемешісі шабуылда 4 адамның қаза тапқанын білдірді.

1622490
Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты.

Кандахар Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Кандахардың Шахвели Кот ауданында жолға орналастырылған бомбаның жарылғанын білдірді.

Шабуылда араларында балалар да бар 4 жазықсыз адамның қаза тапқанын атап көрсеткен Барикзей оқиғаға Талибанның жауапты екенін мәлімдеді.

Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар