Талибан Ауғанстанда әскери учаскеге шабуылдады

Белх уәлаятындағы әскери учаскеге жасалған қарулы шабуылда 5 әскердің қаза тапқаны білдірілді.

1620447
Талибан Ауғанстанда әскери учаскеге шабуылдады

Талибанның Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятындағы әскери учаскеге жасаған қарулы шабуылында 5 әскер қаза тапты.

Елдің солтүстігіндегі 20-шы Шакин Корпус қолбасшылығы мәлімдемешісі Мұхаммед Ханиф Рызаи қарулы топ мүшелерінің Белхтің Чимтал ауданына қарасты Серасяб аумағындағы әскери учаскесіне қарулы шабуыл жасағанын білдірді.

Шабуылда 5 әскердің қаза тауып, 2 әскердің жарақат алғанын мәлімдеген Рызаи шабуылдың артынан шыққан қақтығыста 7 ұйым мүшесінің өлтірілгеніне назар аударды.

Куәгерлер 10 әскер қаза тауып, 5 әскердің жарақат алғанын және бесеуінің де Талибан тарапынан кепілдікке алғанын алға тартты.

Талибан шабуылда 11 әскердің өлтірілгенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар