Франция Сенаты "жікшіл" заң жобасын қабылдады

Франция Сенаты «мұсылмандарды нысанаға алады» деп сынға түскен "жікшіл" заң жобасын қабылдады.

1620145
Франция Сенаты "жікшіл" заң жобасын қабылдады

208 «қабыл» дауысымен Сенаттан өткен және 109 «қарсы» дауыс қолданылған заң жобасы Ұлттық Мәжілісте екінші рет дауысқа салынады.

Сенат жобаға муниципалитеттерге ғибадатханалар үшін жасалатын жәрдемдерді губернаторларға 3 ай бұрын хабарлау міндеті жүктейтін және губернаторларға Францияға «дұшпан» елдер қолдау берген жекеменшік мектептер ашудың алдын алу жауапкершілігі беретін екі бөлек бапты қосуға да шешім қабылдады.

Бұл баптар Франция президенті Эммануэль Макрон мен Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің өтініші бойынша Сенаттың күн тәртібіне келді және дауыс беруде қабылданды.

Солшыл социалистік партия сенаторы Жан-Пьер Сьюр жасаған мәлімдемесінде «Өте жақсы білесіздер бұл баптардың себебі күн тәртібі. Министр мырза, баспасөзге негізделген жақсы заң шығарғанымызға сенімді емеспін» деді.

Жасылдар партиясынан сенатор Эстер Бенбасса жасаған мәлімдемеде мұсылмандардың жобамен көптеген шектеулерге ұшырайтынын атап көрсетті.

Сенатта заң жобасына бұған дейін мектеп саяхаттарында оқушыларға жетекшілік жасаған аналардың және 18 жасқа толмаған кішкентай қыз балалардың қоғамдық алаңдарда бас орамал тағуын, бассейндерде хиджаб шомылу қимін қиюге тыйым салатын баптарды қосуға шешім қабылдаған болатын.

Муниципалитет басшыларына әкімшіліктегі неке қию рәсімдері кезінде Франция мен Еуроодақ жалауынан тыс шетел жалауларын ілуге тыйым салуды міндеттеу, ресми спорттық жарыстарда бас орамал тағуға тыйым салу, елде өмір сүрген және «Республиканың ережелеріне ашық түрде бағынбайтын» шетелдіктерге елде тұру ыхтиярхатын бермеу немесе құжаттарын жаңартпау, университет коридорларында ғибадат жасауға тыйым салу Сенатта жобаға енгізуге шешім қабылданған басқа баптар болатын.



Ұқсас жаңалықтар