Зеленский Путинмен кездескісі келді

Бірақ ұсынысқа жауап келмеді.

1619464
Зеленский Путинмен кездескісі келді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге ұсыныс білдірді.

Зеленскийдің баспасөз хатшысы Юлия Мендель Зеленскийдің елдің шығысында асқынған жағдайға байланысты Путинмен сөйлескісі келгенін, алайда ұсынысқа жауап ала алмағандарын айтты.

Мендель Ресейдің Украина жерінің шығыс шекарасына 40 мыңнан астам, Қырымға да 40 мыңнан астам әскер жиғанын білдірді.  Ол президент Зеленскийдің Донбасстағы қақтығыс тақырыптарын талқылау мақсатымен Парижге баратынын айтты.

Украина Штаб-пәтерінің басшысы Руслан Хомчак 30 наурыз күні парламентте Ресейдің жаттығуды сылтауратып, Украина шекарасына әскер жиғанын білдірген еді. Ресей болса әскери қозғалыстың ел шекарасы ішінде екенін, ешкімге қауіп төнбегенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар