Мысыр Түркиямен қарым-қатынасын жетілдіргісі келеді

Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукри Түркиямен саяси келіссөздерге дайын және ынталы екендерін атап көрсетті.

1619446
Мысыр Түркиямен қарым-қатынасын жетілдіргісі келеді

Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукри Түркиямен екі жақтың да мүддесіне болатын келіссөздер мен халықаралық құқық ережелеріне сәйкес қарым-қатынас орнатуға дайын және ынталы екендерін атап көрсетті.

Шукри Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен телефон әңгімесімен байланысты жергілікті бір телеарнаға жасаған мәлімдемесінде Түркияның соңғы кездегі сөздері мен қимылдарын мақтан тұтқандарын білдірді.

Саяси көрсеткіштер тұрғысынан қарым-қатынас шеңберін анықтайтын «саяси бастама» сатысына өтуге мән берілгенін атап көрсеткен Шукри Рамазан айының басталуына орай Чавушоғлумен құттықтау аясында телефонда әңгімелескендерін еске салды.

Шукру аталмыш телефон байланысының Түркияның Мысырдың маңыздылығы туралы мәлімдемелері мен берген белгілері себепті жүзеге асқанын атап көрсетті.

«Мысыр Түркиямен екі жақтың да мүддесіне болатын келіссөздер мен халықаралық құқық ережелеріне сәйкес қарым-қатынас орнатуға дайын және ынталы» деген Шукри қажетті орта құрылған кезде бұлардың саяси келіссөздер ретінде жүргізілуіне мән бергендеріне назар аударды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Рамазан айын құттықтау үшін 10 сәуірде Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шукримен телефонда сөйлескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар