Ковид-19-дың Ұлыбританиядағы варианты 1,32 есе көп жұқпалы

Жапониядағы Эпидемиялық аурулар ұлттық институты вирустардың варианттарын зерттеді.

1617775
Ковид-19-дың Ұлыбританиядағы варианты 1,32 есе көп жұқпалы

Жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) Ұлыбританияда анықталған вариантының алғаш ортаға шыққан вируспен салыстырғанда 1,32 есе жұқпалы екені жарияланды.

Мекемелік медиа NHK-ның хабарына қарағанда Жапониядағы Эпидемиялық аурулар ұлттық институты (NIID) зерттеушілері ел көлемінде тараған ковид-19 вирусының мутацияға ұшыраған варианттарын зерттеді.

Шамамен 50 күнге жалғасқан анализ кезеңінің артынан Ұлыбританияда ортаға шыққан ковид-19 вариантының бастапқыдағы вируспен салыстырғанда 1,32 есе жұқпалы екені анықталды.

NIID төрағасы Такажи Вакита өткізген баспасөз жиналысында варианттың Кансай аймағында шоғырланғанын, сатылы түрде Токио және айналадағы уәлаяттарда тарай бастағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар