Болгарияда сайлаудың нақты қорытындысы жарияланды

Сайлау қорытындысы ешбір партияның үкіметті бір өзі құра алмайтынын көрсетті.

1617919
Болгарияда сайлаудың нақты қорытындысы жарияланды

Болгарияда Орталық сайлау комиссиясы 4 сәуірде болып өткен және 49,1 пайыз сайлаушы қатысқан парламенттік саулаудың нақты қорытындысын жариялады.

Қорытындыға қарағанда 240 орындықты парламентте премьер-министр Бойко Борисовтың «Болгарияның еуропалық дамуы үшін азаматтары» атты партиясының 75, танымал өнерпаз Слави Трифоновтың «Мұндай бір халық бар» партиясы да 51 орынға ие болды.

Коммунистік ресейшіл "Болгария социалистік" партиясының (БСП) 43, мүшелерінің көпшілігі түріктерден құралған «Құқықтар мен бостандықтар қозғалысының» (ҚБҚ) 30 үміткері парламентке депутат болып сайланды.

Премьер-министр Борисовке қарсы наразылық қозғалыстарына басшылық жасайтын оңшыл Демократиялық Болгария (ДБ) партиясы 27 және солшыл «Аяққа тұр! Мәдениетсіздер шықсын!» платформасы 14 депутатқа ие болды.

Орталық сайлау комиссиясының рапортына қарағанда елде тіркеулі 6 миллион 789 мың 605 сайлаушының 3 миллион 334 мың 283-і ғана дауыс қолданды.

Жарамды дауыстардың 31,25 пайызы «Болгарияның еуропалық дамуы үшін азаматтары» партиясына, 21,5 пайызы «Мұндай бір халық бар» партиясына, 17,92 пайызы Болгария социалистік партиясына, 12,50 пайызы «Құқықтар мен бостандықтар қозғалысына», 11,25 пайызы Демократиялық Болгария партиясына, 5,83 пайызы «Аяққа тұр! Мәдениетсіздер шықсын!» платформасына берілді.

Сайлау қорытындысы ешбір партияның үкіметті бір өзі құра алмайтынын көрсетті.

Жаңа кабинеттің парламенттен сенім дауысын алуы үшін кемінде 121 депутаттың қолдауы қажет.

Сонымен қатар 2020 жылдың ортасында мафиямен байланысы бар деген айыппен халық наразылығы басталғаннан бері баспасөзбен байланысын үзген премьер-министр Бойко Борисов ресми қорытындыны күтпей-ақ өзінің парламент мүшелігінен бас тартқанын мәлімдеді.

«Қол сұғылмау құқығына мұқтаж емеспін» деген Борисов парламентте өкілдік жасаған басқа партиялардың сенім дауысы үшін қолдау бермейтініне назар аударып, ең үлкен саяси топқа ие партиясының атына құратын бір үкіметтің парламенттің қолдауын ала алмайтынын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар