Бейрут портын қайта салу жоспары қарастырылды

Неміс фирмалары Ливан басшыларымен кездесті.

1617744
Бейрут портын қайта салу жоспары қарастырылды

Неміс фирмалары Бейрут портының қайта салынуына байланысты Ливан басшыларымен кездесті.

Бұл туралы Ливан Қоғамдық істер және қатынас министрлігі жазбаша хабарлама жариялады.  Министр Мишель Нежжар Гамбург Порттар компаниясы секілді кейбір неміс фирмаларымен кездесті.  

Кездесуге Германияның Ливандағы өкілетті елшілі Андреас Киндл де қатысты.  Кездесуде Бейрут порты және төңірегінің қайта салынуы жөнінде неміс фирмалары дайындаған жоба талқыланды. Неміс фирмалары халықаралық инвестициялар арқылы Ливанға елу мың адамға жұмыс беру мүмкіндігін тудыратын жобаны министрге таныстырды. Министр Нежжер да Гамбург порттар компаниясының жобасының керемет екенін, жобаны премьер-министрге ұсынғанын білдірді.

Неміс фирмаларының жобасы 10-15 миллиард долларға түседі. Аталмыш инвестиция жобасының келісім мерзімі 50 және 99 жыл аралығында.

Министр Нежжар Бейрут портына байланысты жобаны қабылдап қабылдамау шешімін жаңа құрылатын үкімет беретінін айтты.

Бейрут портында 2020 жылдың 4 тамыз күні жарылғыш материалдар сақталған қоймада өрт шығып, бүкіл қаланы шайқаған жарылыс болған еді. Жарылыста 190-нан астам адам қаза тауып,  алты мыңнан астам адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар