Нигерде жаңа үкімет құрылды

Махамадуның үкіметі 33 министрден тұрады.

1617403
Нигерде жаңа үкімет құрылды

Нигерде премьер-министр болған Махамаду жаңа үкіметті құрды.

Президент Мұхаммед Базум тарапынан 3 сәуір күні премьер-министр ретінде тағайындалған Махамадуның үкіметі 33 министрден тұрады. Бұрынғы кабинеттегі кейбір министрлер өз орындарын қорғап қалды.  Үкіметке 22 жаңа министр қосылды.

Жаңа үкіметте бұрынғы президенттің баласы Махамане Сани Махамадуның Мұнай, энергия және жаңаланатын энергия министрі болып тағайындалғаны назар аударды.

Нигерде 21 ақпан күні болған сайлауда жеңіп шыққан Базум президенттік міндетін 2 сәуір күні бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар