Суданда рулар қақтығысында 50 кісі қаза тапты

Джинейне қаласында 3 сәуірде басталған қақтығыстарда қазірге дейін 50 кісі қаза тапты, 132 кісі жараланды.

1615905
Суданда рулар қақтығысында 50 кісі қаза тапты

Судандағы рулар арасындағы қақтығыста 50 кісі қаза тапты.

БҰҰ Суданның Батыс Дарфур уәлаятына қарасты Джинейне қаласында 3 сәуірде басталған қақтығыстарда қазірге дейін 50 кісі қаза тапқанын,  132 адамның жараланғанын жариялады.

Джинейне қаласының оңтүстігіндегі жолдар жабылды және гуманитарлдық жәрдем шаралары да уақытша тоқтады.

Батыс Дарфур дәрігерлер комитеті жаралыларды тасыған көлікке шабуыл жасалғанын, 3 денсаулық қызметкерінің жараланғанын хабарлады.

Батыс Дарфур уәлаяты қауіпсіздік күштері жағдайды бақылауға алғанға дейін халықты көшеге шықпау жөнінде ескертті.

Елде жекеменшік қарулану кең таралған аймақта рулар арасында жер, жайлау және су таластары себепті қақтығыстар туылып тұрады.  



Ұқсас жаңалықтар