Пашинян Путинмен бас қосады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен 7 сәуірде бас қосады.

1614222
Пашинян Путинмен бас қосады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен 7 сәуірде бас қосады.

Пашинян Мәскеуде өтетін маңызды жиын алдында бір апталық карантинге кірді.

Пашинянның хатшысы Мане Геворгян армян басшының 2 сәуірден бастап көпшілік ортада жүрмегенін, қажет болған жағдайда ешкіммен кездеспегенін мәлімдеді.

Мәскеудегі Путин-Пашинян кездесуінде Армениядағы соңғы жағдай мен Қарабахта (10 қарашада Әзербайжанмен) қол қойылған келісімнің орындалу барысы талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар