Ле Дриан ирандық әріптесі Зарифпен телефонда сөйлесті

Ядролық келісім тақырыбында келіссөздер 6 сәуір күні Венада өтеді.

1614216
Ле Дриан ирандық әріптесі Зарифпен телефонда сөйлесті

Франция Сыртқы істер министрі Джан-Ив Ле Дриан Тегеран әкімшілігін 6 сәуір күні Австрияның бас қаласы Венада өтетін жиналыста жасампаз болуға шақырды.

Джан-Ив Ле Дриан жазбаша мәлімдемесінде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джеват Зарифпен телефонда әңгімелескенін білдірді.

Венада 6 сәуір күні өтетін жиналыста ядролық келісім тақырыбында келіссөздердің қайтадан басталатынына қуанышты екенін жеткізген Ле Дриан «Иранды келіссөздерде жағымды болуға ынталандырдым» деп, Тегеран әкімшілігін өз міндеттемелеріне қайшы келетін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырғанын мәлімдеді.

Зариф болса тақырыппен байланысты Твиттер аккаунтынан «Францияны келесі аптада Венада өтетін жиналыста Бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша жасампаз бір ұстанымға шақырдым» деп хабарлады.

Зариф Францияның ядролық келісімнен туындайтын міндеттемелерін орындауын, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) салған санкцияларға бағынудан бастартуын талап еткенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар