АҚШ Конгресі сақтықты күшейтті

Конгресс полициясы "сыртқы қауіп" себепті барлық мекендердегі ғимараттардың кіріп-шығуға жабылғанын хабарлады.

1613854
АҚШ Конгресі сақтықты күшейтті

АҚШ-та 6 қаңтарда шабуылға сахна болған Конгресте тағы аттаныс жарияланды.

Конгресс полициясы "сыртқы қауіп" себепті барлық мекендердегі ғимараттардың кіріп-шығуға жабылғанын және қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін хабарлады.

АҚШ Конгресс полициясының ресми Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде Тәуелсіздік көшесіне кіретін аймақтағы тосқауылдарға бір көліктің жылдамдықпен кіргені білдірілді.

Көліктің екі полицияны соғып кеткені ескертілген мәлімдемеде күдіктінің жаралы қолға түскені хабарланды.

Мәлімдемеде жаралы екі полиция мен күдікті адамның ауруханада емделгені білдірілді.

Конгресс ғимаратына 6 қаңтарда бұрынғы президент Дональд Трамп қолдаушылары шабуыл жасаған оқиғада 5 кісі қаза тапқан болатын.  



Ұқсас жаңалықтар